Премьер-Министр арнайы экономикалық аймақтарға басқарушы компанияларды тартуды тапсырды
Нұр-Сұлтан. 21 мамыр. 7kun.kz – Қазақстанның Премьер-Министрі Асқар Мамин жергілікті билікке кәсіби басқарушы компанияларды арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарға тартуды тапсырды.
«Өңірлерге АЭА-ға және ИА-ға кәсіби басқарушы компанияларды тарту қажет. Тиісті мемлекеттік органдар осы аймақтарды басқару бойынша нақты шаралар қабылдап, тұтастай алғанда қаржыландыру кезінде тек перспективалық және табысты аймақтарды ғана қолдау қажет», - деді Мамин сейсенбі күні Үкімет отырысында.
Ол АЭА мен индустриялық аймақтарда бір терезе қағидаты бойынша тиімді жұмысты жолға қою қажеттігін мәлімдеді.
Сондай-ақ ол мемлекеттік органдарға үш жылдық кезеңге арналған арнайы аймақтарды дамыту стратегиясын дайындауды тапсырды.
«Жауапты органдар үш ай мерзімде әрбір АЭА-ның үш жылдық кезеңге арналған даму стратегиясын әзірлеуі қажет. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында әр аймақтың даму жоспарын тыңдау керек», - деп қортындылады Мамин.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024