Астана. 19 қазан. 7kun.kz – Үкімет басшысы Әлихан Смайылов БАҚ өкілдеріне өз жұмысын қалай бағалайтыны туралы сауалға жауап берді, деп хабарлайды 7kun.kz.
БАҚ өкілдері желіде оның тарапына жиі сын айтылып жүргенін және отставкаға кету туралы пікірлерді жеткізіп, өзінің жұмысын қалай бағалайтыны жөнінде сұрақ қойды.
«Мен күнделікті жұмыс істеймін, бар күшімді саламын. Мен қоғам мен Мемлекет басшысы тарапынан жасалған қолдауға алғыс айтамын және сенімдерін ақтауға тырысамын. Маған баға беретін президент және халық», – деді ол.
Премьер-министр өзінің ұстанымы біреуге ұрсып немесе қызметінен бостау емес, жұмысты ұйымдастыру, яғни, алға қойған міндеттерді бәрін жүйелі түрде атқару екенін атап өтті.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024