Нұр-Сұлтан. 15 шілде. 7kun.kz – ҚР Үкіметі ел Президентінің тапсырмаларын жедел әрі нәтижелі орындауы тиіс, деп мәлімдеді премьер-министр Әлихан Смайылов.
«Кеше президенттің біздің жұмысымызға өте салмақты сын айтқанын ерекше атап өткім келеді. Барлық мемлекеттік органдар, әкімдіктер және квазимемлекеттік сектор белсенділік танытуы қажет. Бірінші басшылар Мемлекет басшысы тапсырмаларының әрбір тармағын жеке бақылауға алсын», – деді ол Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, азаматтардың әл-ауқатына тікелей әсер ететін барлық жобалар мен бағдарламалар жергілікті жерде жүзеге асырылып жатыр. Сондықтан министрлер мен әкімдер өзара нақты байланыс орнатуы, әрбір мәселені бірлесіп шешуі қажет.
«Үкімет қызметінің тиімділігі әрқайсымыздың нәтижелі жұмысымызға байланысты. Ел экономикасы дамып, азаматтарымыз өз сапасының жақсарғанын сезінуі үшін біз екі еселенген күш-жігермен бірге жоспарланғанның бәрін жүзеге асыруымыз керек. Тапсырмалардың орындалу барысын бақылауды өзіме қалдырамын», – деді Үкімет басшысы.
Айта кетейік, кеше ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді. Жиында жолдың нашарлығы, бала өлімі, жалған тендерлер, инфляция, қанттың бейберекеттігі, киіктер және т.б. мәселелер көтерілді. Президент үш министр сөгіс және бір министрге ескерту жариялаған баолатын.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024