Алматы. 14 қараша. 7kun.kz – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АХҚО биржасының алғашқы сауда-саттығын ашты.
«Мен АХҚО биржасында алғашқы сауда-саттықты ашық деп жариялаймын. Баршаңызды осы айтулы оқиғамен құттықтаймын, біздің алдағы жұмысымызда үлкен табыстар тілеймін», - деді Н. Назарбаев.Назарбаев.
АХҚО биржасы эмитенттерінің бірі «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы болды.
«Қазақстан әлемдегі уран өндіруде бірінші орынға ие және елдің үлесіне әлемдік уран нарығының 20% келеді. Сондықтан осы компанияның акцияларына деген қызығушылық зор және сұраныс тек қана өсе түседі», - деп атап өтті Н. Назарбаев.Назарбаев.
АХҚО - экономикаға инвестиция тарту мақсатында құрылған, Қазақстан астанасындағы ерекше салықтық, валюталық, визалық режимі бар аумақ.
Ол компанияларды тіркеуді 2018 жылдың қаңтарынан бастады.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024