Экономика
Президент көмекшісі Ербол Орынбаев қызметінен босатылды
Елбасы жарлығымен Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы ҚР Президентінің көмекшісі қызметінен босатылды. Бұл жөнінде Ақорда баспасөз қызметі хабарлайды.
Президент көмекшісінің қызметін Ақышев Данияр Талғатұлы уақытша атқаратын болады. Ол ҚР Президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің жетекшісі.
Орынбаев 2013 жылдың қараша айынан бері аталған қызметте болды. Оған дейін 2007-2013 жылдар аралығында ҚР Премьер-министрінің орынбасары болған еді.