Алматы. 12 сәуір. 7kun.kz – Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Банкке 2019 жылы несие мөлшерлемесін одан әрі төмендету үшін тетіктерді пысықтауды тапсырды. Бұл туралы Президенттің Маңғыстау облысының жұртшылық өкілдерімен кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды Ақорданың Twitter арнасы.
Сондай-ақ, реттеушіге экономиканы қаржыландыру көлемін ұлғайту үшін тетіктерді пысықтау да жүктелді.
Қасым-Жомарт Тоқаев экономика мен халық табысының өсуі үшін
шағын және орта бизнесті несиелендіруге қолжетімділікті арттыру маңызды екенін атап өтті.
Президенттің айтуынша, экономиканы дамытутың тағы бір маңызды бағыты - Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану.
«Бұл біздің ұзақ мерзімді басымдықтарымыздың бірі. Маңғыстау облысы арқылы Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия, Үндістан, Парсы шығанағы елдері, Түркия және Оңтүстік Еуропаны қосатын Транскаспий халықаралық көлік бағыты өтіп жатыр… Үкіметке біздің порттарға қосымша жүк ағындарын тарту бойынша Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия, Таяу Шығыс және Қытаймен жұмысты жандандыруы қажет», - деді Мемлекет басшысы.
Президент салалық министрліктерге, холдингтерге және әкімдіктерге негізгі тауар позицияларына сұраныстың орта мерзімді балансын қалыптастыруды және тиісті ақпаратты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жіберуді тапсырды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024