Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Президенттен сөгіс алған Қарашөкеев қант мәселесін қалай шешетінін айтты

Президенттен сөгіс алған Қарашөкеев қант мәселесін қалай шешетінін айтты

Нұр-Сұлтан. 15 шілде. 7kun.kz – Қант тапшылығын болдырмас үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі шикізат базасын ұлғайтуды жоспарлап отыр. Ол үшін жаңа суармалы жерлер пайдалануға енгізілмек, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Елді қантпен қамтамасыз ету мақсатында қант өнеркәсібін дамытудың кешенді жоспары әзірленеді. Онда жаңа суармалы жерлерді игеріп, қант қызылшасының егіс алқабын ұлғайту есебінен шикізат базасын ұлғайту, өндіріске енгізу, суды үнемдейтін суару технологияларын, тұқым шаруашылығын дамыту, сонымен қатар қолданыстағы қант өңдеу қуаттарын техникалық және технологиялық қайта жарақтандыру, қызылша, қант зауыттарын салу және жаңғырту қарастырылады», – деді Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.

Сондай-ақ қант импортының көлемін ұлғайту және оны өңдеу бойынша шаралар қабылданады.

Еске салайық, кеше ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Cауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке қант мәселесіне байланысты сөгіс жариялаған болатын.

Похожие материалы