Алматы. 14 наурыз. 7kun.kz - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сынына ұшыраған «СК-Фармация» басшылығының қызметтерін босатуына қатысты ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мемлекет басшысының тапсырмасымен «СК-Фармация» басшысы ғана емес, барлық басқарушы директорлар да кетті. Жаңадан директорлар тағайындалды(...). Төрт басқарушы директор мен төраға қызметтерінен босатылды. Нәтижесінде бес адам», - деді ол бүгін үкіметте болған баспасөз мәслихатында.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ақпан айының басында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында дәрі-дәрмек және медициналық құрал-жабдықтар сатып алушы бірыңғай дистрибьютор - «СК-Фармация» компаниясының жұмысын сынға алған еді.
«Фармация» - бірыңғай дистрибьютер, оған мемлекеттік бюджет қаражаты бөлінеді, ол сол ақшаны сатып алуға бөледі. Бұл мафияға айналған. Олар фармацевтикалық фабрикаларды салуға мүмкіндік бермейді»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024