Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Президенттік іс басқармасының бюджеті 2,74 млрд теңгеге қысқартылды

Президенттік іс басқармасының бюджеті 2,74 млрд теңгеге қысқартылды

Абай Бисембаевтың төрағалық етуімен ҚР-ның президентінің іс басқармасының  (ПІБ) кезекті отырысы өтіп, 2014 жылдың нәтижелері қорытындыланды деп хабарлайды ПІБ баспасөз-қызметі.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша бюджет қаржысы 99,2%-ға игерілген, жұмсалмаған бөлігі - мемлекеттік сатып алу бойынша үнем жасалынғандар. Ал 2015 жылы оңтайландыру шарасы бойынша бюджет 2,74 млрд теңгеге қысқарды.

А.Бисембаевтың сөзінше, 2014 жылы жаңа технологияларды енгізу және өндіріс, қаржылай ресурстар бойынша үнемдеу жұмыстары жүргізілген. Жекелей алғанда, ведомстваға қарайтын ұйымдардың штаты соңғы 2 жыл ішінде 1401 бірлікке оңтайландырылды, электрэнергия 22%-ға дейін үнемделді, ал шығындар 29%-ға қысқарған.

Басқарма мәліметі бойынша, 2014 жылы алынған автомобильдердің 75%-ы отандық кәсіпорындарда құрастырылған. ПІБ медициналық орталығының емханаларында 154 медициналық инновациялық, оның ішінде, хирургиялық (38,4%), диагностикалық (40,6%), терапевтік (21%) технологиялар енгізілді.

Сауықтыру кешені пайдалануға беріліп, Балқаш көлінің жағалауындағы санаторий мен "Назарбаев Орталығы" ғимаратының құрылысы аяқталды.

Қысқа мерзім ішіне  инновациялық технологиялар трансферті, сервистік қызмет көрсету деңгейін көтеру, ресми іс-шараларды, инновациялық жобаларды жоғары деңгейде өткізу, Щучинск-Бурабай курортты аймағындағы инфрақұрылымының дамуы, мемлекеттік қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету, жаңа обьектілерді құрылысы тәрізді аса көңіл бөлу қажет бағыттар айқындалды.

Похожие материалы