Алматы. 10 сәуір. 7kun.kz – Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабила Мұстафина президенттікке ұсынылатын әрбір кандидатқа бюджеттен қанша қаражат бөлінетінін мәлімдеді.
«Біздің есептеуімізше, бюджеттен әрбір кандидатқа 7,5 млн теңге көлемінде шығуы мүмкін, қалғандары қордан», - деді Сабила Мұстафина.
Оның айтуынша, қаражат Үкімет резервінен бөлінеді және бұл сома әлі нақты емес.
Айта кетейік, Президенттікке үміткерлердің сайлау жарнасы 2,1 млн теңгені құрады. Бұл туралы ОСК отырысында хабарлады.
«Сайлау жарнасы ең төменгі 50 жалақы құрайды (2019 жылғы қаңтардан бастап ЕТЖ 42 500 теңгені құрайды). Демек, сайлау жарнасының сомасы 2 млн 125 мың теңгені құрайды. Сайлау жарнасы қызметке сайланғанда немесе жалпы сайлауда 5%-дан астам дауыс жинаған жағдайда кандидатқа қайтарылады», - деді комиссия төрағасының орынбасары Константин Петров.
Қазақстан президенттігіне кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары 11 мамырдан басталады.
«Сайлау алдындағы үгіт тіркеу кезеңі аяқталғаннан кейін (11 мамыр) бірден басталады және дауыс беру күнінің алдындағы күні 00.00 - ге дейін, яғни 8 маусым күні 00.00-ге дейін жалғасады», - деді К. Петров.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024