Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Прокрастинациямен күрестің 7 тәсілі

Прокрастинациямен күрестің 7 тәсілі

Прокрастинация - шығармашылық (шығармашылық емес те) мамандықтарының арасында жиі ұшырасатын синдромдардың бірі. Әрқайсымыз кем дегенді бір рет осы жағдайда болғанбыз, бірақ қаншалықты жиі болатындығына және қалай алдын-алу керектігіне аса зер салмаймыз. 7kun.kz прокрастинациямен күресудің 7 әдісін ұсынады. 

Кейде жұмыстан басқаның бәрін істегіңіз келетін жағдай бола ма? Әлеуметтік желілерді ақтару, блог оқу, поштаны тексеру, кофе ішу, терезеге қарау, компьютерлік ойындар ойнау немесе тағысын тағылар. Бір сөзбен айтқанда кез-келген әдіспен барынша өз-өзімізді жұмыстан алыстатуға тырысамыз. Осының өзі - прокрастинация.

Прокрастинация- жалқаулықтың, жұмыстан қашудың, маңызды жұмыстардың кейінге қалдырылуының ғылыми атауы. Психологиялық термин. Қазіргі ақпарат тасқынының ортасындағы уақытта бұл өте өзекті проблема. Бір минуттық шаруа болғанымен, ісімізді кейінге қалдыра береміз. Ең өкініштісі - оны кейінірек бәрібір орындауға тура келеді.

Прокрастинациямен күресу жолдары қандай?

Жоспарлау

Нақты белгіленген жоспар бойынша жүру - ең ыңғайлы және ең күрделі жұмыс. Паркинсон заңы бойынша, сіздің жұмысыңыз сіз бөлген уақытта орындалады. Яғни орта жолдан пайда болатын қосымша шараларды есептемесеңіз, сіздің тапсырманы уақытында орындауға толық мүмкіндігіңіз бар. Егер шынайы түрде кіріссеңіз, жоспарлау прокарстинациямен күресуге жақсы көмектеседі.

Сізге қажеттісін анықтап алыңыз

Прокрастинациямен күресудің бірден-бір қарапайым әдісі. Әсіресе, орындайтын жұмыстарыңыз көп болғанда ыңғайлы болады. Тапсырмаларыңызды төмендегідей критерийлер бойынша бөліп тастаңыз.

  • Маңызды және шұғыл. Бұл дедлайны жақындап қалған жобалар.
  • Маңызды бірақ шұғыл емес. Маңызды бірақ, бүгін-ертең тапсыруды қажет етпейтін тапсырмалар. Мысалы, әлі аяқтауға бір ай уақыт қалған материал. Прокрастинация дәл осы топта жиі кедеседі.
  • Маңызсыз бірақ шұғыл. Бұл ерекше топтағы тапсырмалар. Олар қоғамда қалыптасқан стереотиптерге байланысты өзекті деп көрінуі мүмкін. Бірақ обьективті түрде қарасақ, бұл тапсырмалардың маңыздылығы жағынан алғашқы екі тапсырмаға қарағанда артық емес. Мысалы, түлектермен кездесу, күнделікті жиналыс, күнтізбе бойынша жұмыс істеу.
  • Маңызсыз және шұғыл емес. Прокрастинацияның гүлденетіні де осы топ. Бұл чатта сөйлесу, поштаны тексеру, үстел үстінде тәртіп орнату және т.б. Мұндай ұсақ шаруалардың барлығы үлкен уақытты алады.

 Тапсырманы бөліп тастаңыз

Ал егер тапсырма көлемі шағын болса осы тәсіл көмектеседі. Жұмысты орындауға мотивация жоқ кезде, тапсырманы бірнеше бөлікке бөліп тастап, оларды кезегімен орындау қажет.

Мәселен, сізге жарнамалық материал дайындау қажет. Алдыңызға жаңа парақты ашып тастап қарап отырасыз. Жаңа идея келгенше, "маңызды" деп көрінген басқа бір шаруа шыға қалып, көңіліңіз бөлінуі мүмкін. Мұның алдын-алу үшін тапсырманы бөліп тастау қажет:

  • Айтылуы қажет негізгі ой мен өзекті мәселелердің тезисін сызып алу
  • Сіздің тауарыңызды ерекшелейтін қабілетін атап өту
  • Мәтіннің қаңқасын құрастыру және т.б.

Мұндай жағдай өте ыңғайлы, кейде сол іске деген құлшынысыңыздың артуына да көмектеседі. Әдісті поездың жұмысымен салыстыруға болады. Оны орнынан қозғау үшін көп тырысу керек, бірақ кейін тоқтату қиын болады. Ұсақ тапсырмалар есебінен шығармашылық жылдамдығыңызды арттырып, өндіріп жұмыс істеуге мүмкіндігіңіз бар.

[caption id="attachment_37198" align="aligncenter" width="673"]лдлдл Фото:qwrt.ru[/caption]

 Өз-өзіңізді торға қамаңыз

Прокрастинациямен күресудің бұл жолын бір кездері Виктор Гюго пайдаланған. Ол үйінде киімсіз отырып,  жоспарланған көлемдегі дүниесін жазып бітірмейінше қызметшісіне киімін әкелуге тыйым салады. Бұл әдіс арқылы қажетті жазбаларын уқытында және барынша өндіртіп жазып тастап отырған.

Әрине, мұндай ерлік барлығының қолынан келе бермеуі мүмкін. Бірақ өзгерістер енгізсе, оны да пайдалануға болады. Американдық жазушы Рэймонд Чандлердің Виктор Гюгоның әдісін өз бетінше қолданып көрген. Ол өзінің прокрастинация алдындағы дәрменсіздігін мойындап, жұмысқа бар назарын аударуға мүмкіндік беретін тәсіл ойлап табады. Жазушы үстелге отырып, өзіне таңдау қояды:

  • Не ешнәрсе істемеу
  • Не жазу

Осылай 4 сағатқа дейін жалғасқан. Әрине, алғашында сіз ештеңе істемей отыра бергенді дұрыс көруіңіз мүмкін. 4 қабырғаға қарап, терең ойдың құшағына кетесіз. Бірақ зеріге бастайтыныңыз анық. "Бос отыра бергенше, бір нәрсе жазып тастайын" дейсіз өзіңізге. Себебі, санамыздың түкпірінде адам жұмыс пен зерігудің ортасында міндетті түрде жұмысты таңдайды.

Ескерту: Бұл әдіс жазушыларға емес, барлығы үшін де бірдей жұмыс істейді. Электронды пошта, әлеуметтік желі және т.б. өшіріп тастаңыз. Егер қажеті болмаса, интернеттен де бас тартқан дұрыс. Сеніңіз, сіздің жұмыс өнімділігіңіз сіз ойлағаннан да артық болады.

Үзілісті пайдалана білу 

Тағы бір қызық бақылау. Сіз жұмыс арасында пайда болатын үзілісте не істейтіндігіңізді зерттеп көрдіңіз бе? Айталық, тамақ дайын болғанын күткенде немесе жарты сағаттан кейін жұмыстан шығу қажет болғанда сіз не істейсіз? Көпшілігі уақыт аз, жұмыс істеп үлгермеймін деген принципті ұстанады. "Тым құрымаса, жаңалықтар қарап шығайын немесе Facebook-ті бір ақтарып өтейін" деген нұсқа дұрысырақ көрінеді. Бірақ, бір тәуліктегі сондай үзілістерді қосқанда, маңызды шаруаңызді бітіріп тастайтын уақыт шығады ғой? Үзілістің өзін тиімді пайдалану керек.

Ескертетін жайт, үзіліске де тым жақын болмаңыз. 5 минуттық сөйлесуден кейін тапсырманы орындауға толығымен кірісу үшін 20 минут қажет болады.

Жұмыс үстеліңізді таза ұстаңыз

Табысты басшылардың көбінің үстелі әрдайы таза болып тұрады. Сіз жұмыс істеп отырған мәселеге қатысы жоқтың барлығын алып тастаңыз. Тәртіп зейініңізді бір ғана нәрсеге аударуға көмектеседі.

Кез-келген жұмысты бастамас бұрын жұмыс кеңістігіңізді дайындап алыңыз. Айналаңыздағы тәртіп санаңызда да тәртіп орнатуға көмектеседі.

Ерік-жігермен дос болу 

Ең қиын және ең тиімді тәсіл. "Жоқ!" деп айтуға үйрену керек. Бір ғана кемшілігі - көпшілігіміз мұны тәжірибе жүзінде қолдануға қабілетсізбіз.

Ақсәуле ӘБІТАЙ "7"

Похожие материалы