
Нұр-Сұлтан. 2 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстан мен Ресей президенттері екі мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарын одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырып келе жатқан үкіметтердің тиімді өзара іс-әрекетін атап өтті.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге ТМД, АӨСШК саммиттеріне, сондай-ақ қазан айының ортасында Қазақстан астанасында өтетін «Орталық Азия – Ресей» мемлекеттер басшыларының отырысына қатысуға келіскеніне ризашылығын білдірді», – делінген хабарламада.
Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жолдауында атап өткен ауқымды міндеттерді жүзеге асыруда табыс тіледі.
Президенттер тұрақты жұмыс байланыстарын жалғастыруға келісті.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025