Нұр-Сұлтан. 8 шілде. 7kun.kz – Сот Қайрат Боранбаевты қамауға алу мерзімін бір айға ұзартты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«8 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Боранбаевқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін қаржы мониторингі агенттігі квазимемлекеттік секторда аса ірі мөлшерде қаржы жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді бастаған еді. Белгілі олигарх Қайрат Боранбаев қылмыс жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024