Алматы. 22 шілде. 7kun.kz –Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен ұсталған Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі ұзартылды. Бұл туралы Алматы тергеу сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Ол 2022 жылдың 21 тамызына дейін қамауда болады.
Еске салайық, жақында Қайрат Құдайберген Amanat партиясынан шығарылып, Алматы мәслихатындағы депутаттық мандатынан айырылған болатан.
Айта кетейік, Қайрат Құдайберген 22 сәуірде Алматыдағы қаңтар оқиғасына қатысты, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалған. Бас прокуратураның мәліметінше, Қайрат Құдайберген Дикий Арманмен бірге «Қазақстан» қонақ үйіне адамдарды жинап, оларды Жұмагелдиевтің айналасына топтасуға, оны қолдауға және билікке бірдей талаптар қоюға шақырған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024