Бүгін түнде уақытша ұстау изоляторына қамалған Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергенді ведомствоаралық жедел-тергеу тобы ұстағаны белгілі болды, деп хабарлайды 7kun.kz.
«2022 жылғы 21 сәуірде Бас прокуратураның арнайы прокурорларының басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру мен оған қатыстыдеген күдікпен 25.12.1983 жылы туған Құдайберген Қайрат Құдайбергенұлын ұстады», – ведомство хабарламасында.
Қалалық прокуратура таратқан ақпаратқа сүйенсек, Қайрат Құдайберген «Диккий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевпен бірге «Қазақстан» қонақ үйінде адамдар жинауды ұйымдастырып, Жұмагелдиевтің айналасына бірігуге, оны қолдауға және биліктің бірыңғай талаптарын ұсынуға шақырғаны, сондай-ақ адамдарды 10 адамнан «ұяшықтар» бойынша бөліп және олардың топтарының ерекшеліктерінің белгісі ретінде қолдарына ақ таңғыштарды таңуға нұсқау бергені анықталды.
Содан кейін Құдайберген мен Жұмагелдиев жинаған топ алаңға шығып, Жұмагелдиев төңірегіндегі митингілерді біріктіруге, алаңда жедел штаб ұйымдастыруға және билік алдында бірыңғай талаптар қоюға тырысқан.
«Құдайберген-Жұмагелдиев ұйымдастырған бұл заңға қарсы акция зорлық-зомбылық пен түрлі ауырлықтағы дене жарақаттарын келтірумен жаппай төбелеске ұласты», – делінген хабарламада.
Құдайбергеннің жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруы мен қатысуы «Қазақстан» қонақ үйінен, Жұмагелдиев тобының ұсталған қатысушыларының ұялы телефондарынан алынған бейнежазбалармен, куәгерлердің айғақтарымен расталады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024