Қайрат Сатыбалдыға тиесілі «Қазақтелекомның» 28% акциясы мемлекетке қайтарылды
Қайрат Сатыбалды басқаратын компанияларға тиесілі «Қазақтелеком» АҚ акцияларының 28%-ы мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Сыйға тарту шарты бойынша «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының жарғылық капиталының 24,95%-ын құрайтын 2 671 481 жай акциясын республикалық меншікке беру туралы Skyline Investment Company S.A. жеке компаниясының ұсынысы қабылдансын», – делінген қаулыда.
Сондай-ақ «Alatau Capital Investment» ЖШС сыйға тарту келімшарты бойынша қоғамның жарғылық капиталының 3,85%-ын құрайтын 413 412 жай акциясын республикалық меншікке береді.
Бұл қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Айта кетейік, Қайрат Сатыбалды 2015 жылдан бастап Alatau Capital Investment басқарушы серіктесі, сондай-ақ оффшорлық аймақта тіркелген Skyline Investment Company S. A. иесі болып табылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024