Қайрат Сатыбалдының экс-әйелі 747 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді
Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ерекше ірі көлемде – 747 миллион теңге бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды 7kun.kz.
Қайрат Сатыбалдының экс-әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2021 жылы нақты орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
«Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларына және «Ария-Жаңа Астана» ЖШС басшылығына, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. 2021 жылы іс жүзінде аяқталмаған құрылыс-монтаж жұмыстары үшін төленген аса ірі сомада (747 млн. теңге) бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, 17 наурыздаСыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына, оның бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға рейдерлік жолмен бизнесті басып алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағаны белгілі болды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024