«Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің»: Алматы облысында 1 мың мұқтажға азық-түлік үлестірілді
Алматы облысында 1 мың отбасына азық-түлік және қаржылай көмек берілді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Панфилов, Еңбекшіқазақ және Ұйғыр ауданында мұқтаж отбасыларға берілген жәрдем Рамазан айының құрметіне ұйымдастырылды. Зекет жарымжан бала тәрбиелейтін және көмекке аса мұқтаж жандарға үлестірілді. Гуманитарлық көмекке жергілікті кәсіпкерлер 15 млн теңге бөлген. Аймақтағы ірі кәсіпорынның иесі, Алматы облысы мәслихатының депутаты Зәкіржан Кузиев пен бизнесмен Серік Ақсубаев бұл үрдісті дәстүрге айналдырған. Осы екі кәсіп иесі былтыр Алматы облысы Пенжім ауылында жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлінген халықтың дүнме -мүлкін өз есебінен қалпына келтірген болатын, дейді жергілікті әкімдік өкілдері.
Облыста бүгінге дейін кәсіпкерлердің көмегімен «Мың алғыс», «Біз біргеміз», «Жақсылық жаса», «Подари жизнь», «Жақсылық жасауға кешікпе», «Жүректен шыққан алғыс», «Ардагерлерге құрмет», «Балаларға мереке сыйла» атты ондаған қайырымдылық шара өткен. Оған жоғарыдағы кәсіп иелері 100 млн теңгеден астам қаражат бөлген.
Жергілікті әкімдікте тізімде тұрған отбасылардан бөлек Рамазан айының құрметіне Жаркент крахмал-сірне зауыты мен қап тігетін зауыттың жүздеген жұмысшысы азық-түлік түріндегі көмек алды.
«Мен осында 15 жылдан бері жұмыс істеймін. Бүкіл мұсылман қауымға ассалаумағалейкүм, Ораза қабыл болсын деймін. Осы айда сансыз шүкіршілік етемін. Бізге мұндай көмек бүгін ғана емес жыл бойы беріледі. Рамазан, Құрбан айт, түрлі мерекелерде жалақыдан бөлек қаржылай және азық-түлік түрінде қайтарымсыз көмек ұйымдастырылады. Биыл да осы зауыттағы бірнеше жүздеген жұмысшыға ешкімді қалдырмай азық- түлік, соның ішінде ең қажетті ұн, күріш және сұйық май таратылып жатыр. Бұл көмек қана емес шынайы көңіл деп түсінемін. Уақытында жалақыны аламыз. Сондықтан жұмысшылар атынан рақмет айтқымыз келеді»,- дейді Жаркент крахмал-сірне зауытыны жұмысшысы Нұрмұхамед Жақыбаев.
«Бүкіл әлемде мұсылман халқы қазір ораза тұтып жатыр. Әр жылда Рамазан айында ауқатты адамдар мұқтаж жандарға көмек қолын созып, сауап алып жатады. Тіпті бір күн болса да, қарындары тойып, дендері сау болсын деп ойлайды. Ауданымыздағы кәсіпкер Зәкіржан Кузиев халыққа қолынан келгенше көмегін аяп жүрген жоқ. Біз оның дені сау болсын, талабына жетсін деп бата береміз. Одан тыс Панфилов ауданы бойынша қаншама халық оның кәсіпорнында жұмыс істеп жатыр. Бұл да халыққа деген көмек»,- дейді Панфилов ауданы Көктал ауылының тұрғыны Үміт Шаяхметова. «Бүкіл әлемде мұсылман халқы қазір ораза тұтып жатыр. Әр жылда Рамазан айында ауқатты адамдар мұқтаж жандарға көмек қолын созып, сауап алып жатады. Тіпті бір күн болса да, қарындары тойып, дендері сау болсын деп ойлайды. Ауданымыздағы кәсіпкер Зәкіржан Кузиев халыққа қолынан келгенше көмегін аяп жүрген жоқ. Біз оның дені сау болсын, талабына жетсін деп бата береміз. Одан тыс Панфилов ауданы бойынша қаншама халық оның кәсіпорнында жұмыс істеп жатыр. Бұл да халыққа деген көмек»,- дейді Панфилов ауданы Көктал ауылының тұрғыны Үміт Шаяхметова.
«Рамазан айында қайырымдылық жасау үлкен сауапты амалдардан. Осы қасиетті айда жасалған қайырымдылық 70-тен 700 есеге дейін еселенеді. Осы айда ауданымыздағы үлкен кәсіпкерлер Зәкіржан Кузиев пен Серік Ақсубаев ағамыз және өзге де кәсіпкерлер жыл сайын өзінің зекеттерін осы орталық мешітке келіп таратып отырады. Мұқтаж кісілер азық-түлік өзге де заттар алғанда жүздеріне күлкі үйіріліп, Рамазанда қайырымдылық бола ма деп бізден сұрап отырады. Алла тағала осындай сауапты істер мен зекттерді сауаптан жазсын. Қайырымдылық алған отбасылар бала-шағасымен бірге қуанып, алғыстарын айтып жатқанының куәсі болдық»,- дейді Алматы облысы Панфилов ауданы орталық мешітінің бас имамы Серік Шәріпұлы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024