Ақпанда ҚР-дағы ұялы байланыстың базалық станцияларының саны 30 мыңға жетті. 2016 жылы нарық 4G форматындағы желілерді күшейту бағытында жұмыс істемек деп хабарлайды Ranking.kz сараптамалық қызметі.
2016 жылдың наурызында ҚР-дағы байланыс абоненттерінің саны 31,2 млн номерге жетті. Жылдық өлшеммен есептегенде абоненттік база 7,1%-ға, ал 100 адамға шаққандағы ұялы байланыс номерлерінің тығыздығы 167-ден 176 адамға көбейді. Ақпанның ортасындағы жағдайға байланысты базалық станциялардың жалпы саны бойынша операторлар арасында Кселл көш бастап тұр. Оның иелігінде Қазақстан аумағындағы станциялардың 31%-ы бар. Ал Теле2 үлесіне 26%, Билайнға 24%, Алтелге 19% тиесілі (Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің мәліметі). Кселл станциялары еліміздегі 10 өңірде орнатылған. Компанияның ең үлкен ықпалы Атырау және Маңғыстау облыстарында (54% және 45% тиісінше), Оңтүстік Қазақстан облысында облысында (43%), Астана қаласында (38%) және Ақмола облысында (45%) жүреді. Алматыда Кселл және Алтелдің базалық станцияларының саны тең түседі, әр операторға 29%-дан тиесілі. Теле2 Қарағанды облысында (37%), Жамбыл және Қостанай облысында (34%), сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында (30%) танымалдылыққа ие. Билайн позициялары Батыс Қазақстан облысында (39%), Павлодар облысында (31%) күштірек. Базалық станциялардың жалпы санынан 17,5 мыңнан астамы (желінің 58%-ы) 2G стандартын пайдаланады, 10 мыңы (34%) 3G желісіне және бар болғаны 292 (8%) 4G форматында жұмыс істейді. Алайда 2016 жылы барлық қазақстандық операторлар 4G стандартында жұмы істеуге рұқсат алды, сондықтан бұл сектордағы бәсекелестік деңгей ұлғая түсуі мүмкін.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024