Алматы. 29 тамыз. 7kun.kz – Шілде айында 7 мыңнан астам жаңа автокөлік сатылды — өткен айдағыдан 11,4% - ға артық және 2018 жылдың шілде айымен салыстырғанда 34,4% - ға артық, - деп хабарлайды Ranking.kz.
Toyota маркасы ең көп сатылымға ие: 1 425 автокөлік — өткен жылмен салыстырғанда 22,8%-ға артық. Екінші орында LADA: 1 417 автокөлік, жылдық өсім — 14,3%. Көшбасшылар үштігін Hyundai түйіндейді: — 1 384 автокөлік, бір жыл ішінде өсім 96,9%-ды құрады.
Жалпы жыл басынан бері 39,1 мың автокөлік құралы сатылды, жылдық өсім — 20,5%. Ағымдағы жылдың ең көп сатылатын 5 брендіне LADA (8,8 мың авто), Toyota (8,1 мың), Hyundai (7,4 мың), сондай-ақ Kia (2 мың) және Renault (1,3 мың автокөлік құралдары) кіреді.
Жыл басынан бері сатылған барлық автокөлік құралдарының 95%-дан астамы — жеңіл автокөліктер болды. Олардың сатылуы бір жыл ішінде 20,4%-ға, 37,2 мың машинаға дейін өсті. Тек шілде айында 6,2 мың автокөлік сатылды.
2019 жылдың қаңтар–шілде айларында Қазақстанның ірі қалаларының тұрғындары арасында жеңіл автокөліктерді ең көп алматылықтар сатып алды: 9,8 мың, бір жылда өсім — 23,5%. Сондай-ақ, көшбасшылар үштігінде басқа екі мегаполис бар: Нұр-Сұлтан (7,3 мың авто, бір жылда өсім — 34,2%); Шымкент (2,6 мың, өсім — 33%).
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024