Алматы. 12 ақпан. 7kun.kz – 2018 жылы ақша аударымдары жүйесі арқылы шетелден алынған қаражат көлемі 362 млрд теңгені құрады, бұл 2017 жылға қарағанда 18,2%-ке (55,9 млрд теңге) артық.
Аударымдардың жартысынан астамы «Золотая Корона» жүйесі арқылы өтеді: 193,5 млрд теңге, жыл ішінде 21,6%-ке өсті. Үлес 52%-тен 53,5%-ке дейін артты.
Екінші орында Western Union: 77 млрд теңге, бір жыл ішінде 25,8%-ке өсті. Үлес 20%-тен 21,3%-ке дейін артты.
Үшінші орында СДП MoneyGram : 31,9 млрд тгеңге, өсім 2,3 есе. Жүйенің үлесі 4,5%-тен 8,8%-ке дейін өсті.
Ақша аударымдары жүйесі арқылы шетелден алынған ақшаның жартысы Ресей Федерациясынан (181,3 млрд теңге), екінші орында Оңтүстік Корея (56,8 млрд теңге), үштікті Қырғызстан (30,3 млрд теңге) түйіндейді.
Ақша аударымдары жүйесі көшбасшыларының үштігіне шетелден алынған ақша сомасының 83,5%-і келеді.
«Золотая Корона» жүйесі бойынша аударымдарды филиалдар желісі бойынша 10 ірі банк ішінен 7 банк ұсынады. Айта кетейік, «Kaspi Bank» филиалдары ағымдағы жылдан бастап осы жүйе бойынша аударымдар уақытша тоқтатылғанын хабарлайды.
Western Union филиалдық желі бойынша 6 ірі банкпен жұмыс істейді.
MoneyGram Халық банкімен ғана жұмыс істейді. Халық банкінің филиалдық желісі Қазақстан Республикасының барлық екінші деңгейлі банктерінің арасында кең таралған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024