Қанша қазақстандық пәтерін шетелдіктерге жалға беруде – Мемлекеттік кірістер комитеті
Астана. 21 желтоқсан. 7kun.kz – Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қанша қазақстандық пәтерін шетелдіктерге жалға беріп жатқанын айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оның айтуынша, пәтерін шетелдіктерге жалға берушілер Мемлекеттік кірістер комитеті Ішкі істер органдарымен бірге бақылауда. Себебі Ішкі істер министрлігі елге келген шетел азаматтары туралы ақпаратты ұсынады.
«Бүгінде тұрғын үйді жалға беретін 5 109 жылжымайтын мүлік иесі анықталды. Оның ішінде 2317 меншік иесі пәтерін шетел азаматтарына жалға беруде. Пәтерді жалға беру бойынша 4457 меншік иесіне бақылау орнатылған. Оның 1410-ы салық төлейді, 1331 меншік иесі пәтерін туыстары мен достарына жалға берген. Сонымен қатар 1716 пәтерін жалға беруші азамат салық органдарында тіркелмеген», – деді ол.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024