Қаңтар оқиғасын «мәмбеттердің революциясы», қазақтарды «мәмбеттер» деп атаған бас редактор қызметінен босатылды
Алматы. 5 қараша. 7kun.kz - «Медиазона. Орталық Азия» басылымының бас редакторы Петр Бологов Қаңтар оқиғасын «мәмбеттердің революциясы» деп атағаны үшін қызметінен кетті. Бұл туралы Медиазонаның бас редакторы Сергей Смирнов жазды.
Ол Петр Бологовтың ксенофобиялық лексиканы бірнеше рет қолданғанын, сондықтан серіктестікті тоқтататынын жазды.
«Біз Петр Бологовпен жұмыс істеуді тоқтатамыз. Ол енді «Медиазона. Орталық Азияның» бас редакторы емес. Біз Медиазонада барлық мәселені талқыладық. Иә, ксенофобиялық лексика бірнеше рет қолданылған. Бұған жол бермеу керек», деп жазды Смирнов.
Ол сондай-ақ бұрын жұмыстан босатылған журналистер Никита Данилин мен Мадина Куанова мен оқырмандардан кешірім сұраған.
Айта кетейік, жұмыстан шығарылған екі журналист Петр Бологовтың жеке хабарламада және чатта Қаңтар оқиғасын «мәмбеттердің революциясы», қазақтарды «мәмбеттер» деп атағаны туралы твиттерде жазған еді. «Медиазона» олардың қызметтен кетуін редакторлармен өзара түсініспеушілік пен коммуникацияның болмауына байланысты деп мәлімдеген. Ал Бологов қызметін жалғастырған еді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024