Қаңтар-сәуір аралығында халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы ақша аударымдарының жалпы көлемі 246,2 млрд теңгені құрады (1,2 млн транзакция). 2019 жылдың сейкес кезеңімен салыстырғанда ақша аударымдарының жалпы көлемі 18,2%-ға төмендеген, деп хабарлады Ұлттық банк.
Қазақстаннан шетелге жіберілген ақша аударымдарының көлемі 12,5%-ға, шетелден Қазақстанға келген аударымдар 30,7%-ға азайды. Алайда, осы кезеңде Қазақстан аумағында жүргізілген төлемдер көлемі 20,1%-ға өскен.
Қазақстаннан шетелге жіберілген ақша аударымдарының басым бөлігі Ресей Федерациясына (35,5%), Өзбекстанға (18,8%), Түркияға (16,8%) және Қырғызстанға (12,3%) жіберілген.
Шетелден Қазақстанға келген ақша аударымдарының басым бөлігі Ресей Федерациясынан (27,7%), Оңтүстік Кореядан (20,2%), Қырғызстаннан (12,3%) және Өзбекстаннан аударылған.
Жалпы, сәуір айында ағымдағы жылдың наурызымен салыстырғанда жіберілген және алынған ақша аударымдары 2 есе азайды. Бұл COVID-19 таралуына қарсы шаралар қабылдау және әлемнің көптеген елдерінде іскерлік белсенділіктің төмендеуі салдарынан деп пайымдаймыз.
2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда ақша аударымдарының 6 халықаралық жүйесі жұмыс істейді («Золотая корона», Western Union, ЮНИСТРИМ, Contact, Faster, MoneyGram).
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024