Алматы. 11 ақпан. 7kun.kz — 2020 жылғы қаңтарда 732 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлады Үкімет отырысында ұлттық экономика министрлігі Руслан Даленов.
Оның мәліметінше, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Маңғыстау облысында ең көп тұрғын үй пайдалануға берілді.
"Экономиканың базалық салалары арасында ең жоғары өсу құрылыс секторында байқалды, ол 12,5%-ды құрап отыр. Ең жоғары өсімді Түркістан облысы көрсетті – 80%. Бұл Түркістан қаласын облыс орталығы ретінде дамытудың белсенді жүргізіліп жатқанын көрсетеді. 5%-дан (нысаналы өсу) жоғары өсімге 6 өңір қол жеткізді", - деді минитср.
Сонымен қатар, Даленов өңірлердің көбінде инвестициялар өскенін атап өтті. Жалпы алғанда, инвестициялардың өсуі 3,1%-ды құрады. 7 өңірде өсім 20%-дан 76% аралығында болды. Ең жоғары өсуді Шығыс Қазақстан облысы көрсетті – 1,8 есе деңгейінде.
Тэги:
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024