Алматы. 4 ақпан. 7kun.kz – Қаңтар айында Бірыңғай жиынтық төлемді 2100-ден аса жеке тұлға төледі, - деп хабарлайды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және облыстық маңызы бар қалалардың төлеушілері үшін 1 АЕК (2 525 теңге), басқа елді мекендердің төлеушілері үшін - 0,5 АЕК (1 262,5 теңге) мөлшерінде төлем сомасы төленеді.
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы БЖТ сомасын мынадай мөлшерде:
Төлеушіні тіркеу орны бойынша мемлекеттік кірістер органына жеке табыс салығы түріндегі БЖТ мөлшерінің 10 пайызын;
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар түрінде БЖТ-ның мөлшерінің 20 пайызын;
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары түрінде БЖТ мөлшерінің 30 пайызын;
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті медициналық сақтандыруға аударымдар түрінде БЖТ мөлшерінің 40 пайызын бөледі және аударады.
Бүгінгі күні 2 100-ден астам төлем түсті.
БЖТ онлайн режимде төлеу «Қазпочта» АҚ сайты және терминалдары, сондай-ақ Kaspi.kz - Каспий банкінің мобилді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.
E.gov порталында электронды қызмет арқылы БЖТ онлайн режимінде төлеу 2019 жылғы ақпан айының соңғына дейін іске асырылатын болады. Қызмет E.gov порталында жүзеге асырылғаннан кейін E.gov-мен біріктіру арқылы ұқсас қызмет Мемлекеттік кірістер комитетінің порталында (kgd.gov.kz), сондай-ақ «Салық төлеушілердің кабинеті» web-қосымшасында жүзеге асырылатын болады.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024