Алматы. 26 желтоқсан. 7kun.kz – Жеңілдікті автонесиелеудің револьверлік тетігі 2023 жылдың қаңтарында іске қосылады, деп хабарлайды 7kun.kz.
2023 жылдан бастап Қазақстанда жеңілдікті автокредиттеу бағдарламаларының операторлары «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ барлық қолданыстағы бағдарламалар бойынша шарттар біріздендірілетінін хабарлады.
«Қазіргі уақытта бағдарламаларға қатысатын екінші деңгейлі банктер қолданыстағы кредиттерді өтеуден түсетін төлемдерді жинақтау процесін жүзеге асыруда. Револьверлік тетік негізінде жеңілдікті қарыздар беруді бастау 2023 жылғы қаңтардың екінші жартысында күтіледі. Іске қосу күніне екі бағдарлама бойынша жинақталған қаражат көлемі шамамен 13 млрд теңгені құрайды, бұл кемінде 1300 жаңа автокредит беруге мүмкіндік береді. Болашақта револьверлік әдіспен жинақталған қаражатты бөлуді ай сайын іске асыру жоспарлануда», – делінген хабарламада.
Еске салайық, Үкімет 2015 жылдан бастап ҚДБ арқылы жеңілдікті автонесиелеу бағдарламасына 82 млрд теңге бөлді. Револьверлік тетікті пайдаланудың арқасында осы қаражат есебінен жалпы сомасы 176 млрд теңгеге 32 мыңнан астам қарыз берілді. Ал Өнеркәсіпті дамыту қоры 2022 жылдың мамыр айында жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына 100 млрд теңге бөлді. 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша бұл қаражатқа 14 мыңнан астам қарыз мақұлданды, оның ішінде 12,5 мыңнан астам жаңа көлік берілді. Автонесиенің орташа мөлшері 7,8 млн теңгені құрады.
Бағдарламаларға Halyk Bank, ForteBank, Банк ЦентрКредит және Еуразиялық Банк қатысады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024