Алматы. 4 ақпан. 7kun.kz – Қазақстанда 2019 жылдың қаңтарында күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 26 мың 915 теңгені құрады. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитеті хабарлады.
2018 жылғы желтоқсанда бұл көрсеткіш 26 мың 440 теңге болды. Бір айда ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 1,8%-ға өсті.
Қаңтар айында күнкөрістің ең төменгі деңгейінің жалпы көрсеткішінде азық-түлік тауарларының үлесі 55%, 14 мың 804 теңгені құрады. Ал азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің үлесі - 45% немесе 12 111 теңге.
Статистика комитетінің хабарлауынша, ең төменгі күнкөріс деңгейі өткен айда 13 жасқа дейінгі балаларда 21 мың 690 теңгені, 14-17 жастағы ұлдарда – 34 мың 50 теңгені, осы жастағы қыздарда – 26 мың 92 теңгені, еңбекке қабілетті ерлерде – 31 мың 970 теңгені, әйелдерде – 25 мың 384 теңгені, зейнеткерлер мен қарт адамдарда – 25 мың 241 теңгені құрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024