Астана. 30 қыркүйек. 7kun.kz – Елордалық зейнеткерлер қарттар күніне орай біржолғы әлеуметтік төлем алады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
1 қазан – Қарттар күніне орай жасы бойынша 91 672 зейнеткерге біржолғы әлеуметтік төлем төленеді. Биыл мерекеге орай зейнеткерлергеге 2,5 АЕК, яғни 7 950 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көзделген. Төлемдердің жалпы сомасы 730 млн теңгені құрайды.
Әлеуметтік көмек Астанада тіркелген және тұрақты тұратын жасына байланысты зейнетақы алушыларға беріледі.
Айта кетейік, төлемдер 3 қазанға дейін төленеді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024