"Қорамсақ" Ассоциациясының вице-президенті Сергей Катнов қару сататын дүкендердің қызметкерлеріне қару ұстауға рұқсат беруді ұсынады. Оның сөзінше, оларға өз-өзін қорғауға мүмкіндік беру қажет.
Дегенмен Катновтың атап өтуінше, қызметкерлер мен күзетшілер қажетті тойтарыс бере алады деген сөз емес. "Сатушылардың шабуыл жасағандарға қаншалықты қарсы шыға алатындығы басқа мәселе. Бірақ, менің ойымша, оларға өздерін қорғауға мүмкіндік беру қажет", - деді ол. "Негізі жағдайдың өзі біртүрлі. Адам ондаған қару тізіліп тұрған сөренің жанында тұрады, бірақ оның өзі қаруланбаған, тіпті ол қаруларды пайдалана да алмайды. Біздің дүкендеріміздің көптеген сатушылары рұқсат алу үшін арнайы қызметтен, полиция, әскер және ҰҚК-нің бұрынғы қызметкерлері арқылы тексеруден өтті", -дейді С.Катнов. Осыған дейін ол "Паллада" қару дүкеніне шабуылдағандар ондағы иеленген қаруларын пайдалана алған жоқ деп мәлімдеген. Айта кетейік, С.Катновтың ұсынысы 2011 жылы Таразда "Маке және К" қару-жарақ сататын дүкеніне шабуыл жасалынғаннан кейін айтылған еді. 2016 жылдың 5 маусымында бір топ адам Ақтөбедегі "Пантера" және "Паллада" жүкендеріне шабуыл жасаған еді. ІІМ-нің мәліметінше, шабуыл жасау кезінде 6 адам өлтіріліп, 11 адам жарақат алды. Антитеррорлық операция кезінде Ақтөбеде 4 күдікті өлтіріліп, 7-і тұтқындалды, олардың 2-і жараланған. Түнгі оперативті іздеу жұмыстары кезінде полиция қызметкерлері тағы 5 адамды өлтіріп, 2-ін тұтқындады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024