Алматы. 5 маусым. 7kun.kz – Бюджеттік жоспарлау кезінде мемлекеттік органдардың стратегиялық бағыттары мен мақсаттары талданады. Сондай-ақ сұрау салынған шығыстардың экономикаға және әлеуметтік жағдайға әсерін бағалау жүргізіледі. Бұл туралы Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.
Сонымен қатар, нәтижеге қол жеткізу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бюджет қаражатын басқару мәселелерінде дербестік артады. Бұл шаралар Бюджет кодексінде көрсетіледі.
Бұдан басқа, мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметі, олардың қажеттілігі немесе оларды бәсекелестік ортаға беру мүмкіндігі талданады. Оның ішінде миллиардтаған бюджет қаражаты жұмсалатын мемлекеттік тапсырмалар да қайта қаралады.
"Жұмыс топтарында қарастыру кезінде ауыл шаруашылығына бөлінетін субсидиялардың тиімділігі және оларды соңғы алушылардың дер кезінде алуы туралы мәселелер қозғалды. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы министрлігі бойынша субсидиялардың жартысы автоматтандырылған. Ағымдағы жылдың соңына дейін автоматтандыру процесін субсидиялардың барлық түрлеріне кезең - кезеңімен таратуды жоспарлап отырмыз", - деді министр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024