Алматы. 20 наурыз. 7kun.kz – Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Парламенті Сенаты төрағасының өкілеттігін доғарып, Президент міндетін орындауға кіріседі.
Оның халыққа ант беру рәсімі Парламент палаталарының бірлескен отырысында өтеді.
Қ. Тоқаевтың президенттік өкілеттігі кезекті сайлауға дейін жалғасады.
Еске сала кетейік, кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Президентінің өкілеттігін 20 наурыздан бастап тоқтатқаны туралы жариялады және тиісті Жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ, Н. Назарбаев ОСК-мен келісе отырып, сәрсенбі күні сағат 12:00-де палаталардың бірлескен отырысында республиканың алдағы Президентінің ант қабылдау рәсімін өткізуді тапсырды.
Конституцияға сәйкес республика Президентінің өкілеттігі Қазақстан халқына ант берген кезден бастап Сенат Төрағасына көшеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда дүниеге келген, Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтын, Пекин лингвистикалық институтын (ҚХР), РФ СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген, халықаралық маман, саяси ғылымдарының докторы. Ағылшын, қытай және француз тілдерін меңгерген. Дипломатиялық дәрежесі - Төтенше және Өкілетті Елші.
Мамандығы бойынша КСРО СІМ орталық аппаратында, шетел өкілдіктерінде жұмыс істеді.
1992 жылғы наурыздан бастап - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, бірінші орынбасары.
1994 жылғы қазаннан бастап - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі.
1999 жылғы наурыздан бастап - Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі.
1999 жылдың қазанынан 2002 жылдың қаңтарына дейін - Қазақстан премьер-Министрі.
2002 жылдың қаңтарынан 2003 жылдың маусымына дейін - Мемлекеттік хатшы, Сыртқы істер министрі.
2003 жылдың маусымынан 2007 жылдың қаңтарына дейін - сыртқы істер министрі.
2013 жылдың қазан айында Президенттің Жарлығымен Сенат депутаты болып тағайындалды және палата төрағасы болып сайланды.
2017 жылдың қыркүйек айында Сенат спикері қызметіне қайта сайланды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024