Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары жазып жатқандай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың швейцариялық банкте қаржылық шоты жоқ. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбукте жазды.
«Сондай-ақ Президенттің шетелдік банктер мен офшорлық компанияларға да ешқандай қатысы болмаған және шетелде жылжымайтын мүлкі де жоқ. Қасым-Жомарт Кемелұлының бұрынғы жұбайының да мақалада жазылғандай ешқашан қаржылық шоты болмаған. Тимур Тоқаевқа келетін болсақ, жасы 38-де. Ол – кәсіпкер, ешқашан мемлекеттік қызметте істемеген», деді баспасөз хатшысы.
Берік Уәли Президент экономика мен саясаттағы монополияны шектеуге, реформаларды жүзеге асыруға күш салып отырғанын, Мемлекет басшысының осындай шешімдерін жақтамайтын адамдардың әдейі таратып жатқан фейк ақпараттық шабуылы, деп ойлайтынын жазған.
Похожие материалы
Отбасы банк увеличил максимальную сумму по своей самой популярной ипотеке
- 02 желтоқсан, 2025
Кредиты бизнесу могут измениться в Казахстане: банки получат новые льготы
- 01 желтоқсан, 2025





