Алматы. 14 шілде. 7kun.kz - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаева сенат депутаты болып тағайындалды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
[caption id="attachment_73884" align="alignleft" width="300"] Фото: kapiital.kz[/caption] Сәуле Айтпаева 1960 жылдың 22 мамырында Торғай облысында дүниеге келген. Р.А.Руденко атындағы Свердлов заңтану университетінде оқыған. 2013 жылы генерал атағын алды.Сондай-ақ, бұл тізімде Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев, Владимир Волков, Бақытжан Жұмағұлов бар.
[caption id="attachment_73866" align="alignright" width="300"] Фото: express-k.kz[/caption]Талғат Мұсабаев - 1951 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданында туған. Қазақтың екінші ғарышкері. 2016 жылы - Президент кеңесшісі лауазымына тағайындалған.
[caption id="attachment_73885" align="alignleft" width="150"] Фото: Tengrinews.kz[/caption]Бақытжан Жұмағұлов - 1953 жылы 18 тамызда туған. Мемлекет және қоғам қайраткері. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университінің механика және қолданбалы математика факультетінде оқыған. 2014 жылы - Ұлттық Инженер академиясына президент болып сайланды.
[caption id="attachment_73886" align="alignright" width="165"] Фото: kapital.kz[/caption]Владимир Волков - 1955 жылы 15 маусымда туған. 1979 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университін тәмамдаған. 2016 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты Басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының жарлығымен сенат депутаттары Нұртай Әбіқаевтың, Икрам Адырбековтің, Мұхтар Алтынбаевтың, Людмила Полторабатьконың өкілеттілігі тоқтатылған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024