Алматы. 09 тамыз. 7kun.kz — ҚазАгро холдингі өз қызметінің нәтижелілігін арттыруды және 2020 жылдың қорытындысы бойынша таза пайда алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы холдингтің баспасөз қызметі хабарлады.
"ҚазАгро басшылығы Үкіметті 10 жылдық кезеңге арналған холдингтің еңбек өнімділігін және АӨК өнімін экспорттауды арттыруға, жеке инвестициялар мен инновациялық технологияларды тартуға, сондай-ақ ауылда жаңа бизнес-бастамаларды дамытуға бағытталған стратегиясы жобасын әзірлеу туралы хабардар етті. Несие қоржынының сапасын жақсарту және тоқтап тұрған жобаларды сауықтыру бойынша шаралар пакеті қабылданды. Реформалар нәтижесінде холдинг қысқа мерзімде жинақы және тиімді қаржы институтына айналады", - делінген холдинг хабарламасында.
ҚР Президентінің 2019 жылғы 15 шілдедегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау аясында "ҚазАгро" Холдингі" АҚ қызметінің тиімділігін арттыру және реформалау бойынша шаралар кешені қаралып, мақұлданды, сондай-ақ оның басшылығына нақты тапсырмалар берілді.
Біріншіден, "ҚазАгроны" шағын холдингке айналдыру, оның еншілес компанияларының санын қысқарту, олардың арасындағы функциялардың қайталануын болдырмай, функционалы бойынша нақты ара-жігін ажырату.
Екіншіден, холдингтің басқару органдарына шетелдік сарапшыларды тарту.
Үшіншіден, штатты оңтайландыру және холдингтің операциялық шығыстарын қысқарту жөніндегі жұмысты жалғастыру.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығын қаржыландыруға бағытталған бюджеттік қаражаттың тиімді және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету тапсырылды.
Ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін тиімді несие өнімдерін әзірлеу, несиелеу процесін мүмкіндігінше автоматтандыру және несиелік өтінімдерді қарастыру уақытын қысқарту тапсырылды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024