
Алматы. 28 мамыр. 7kun.kz – «ҚазАгро» холдингі» 179,6 млн еуро көлеміндегі еурооблигациялар бойынша барлық қарызын өтегенін хабарлады.
Қарыздардың уақытылы өтелуі холдингтің рейтингіне әсер етеді.
Қазіргі уақытта ҚазАгро-ның ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісі Fitch Ratings шкаласы бойынша «Позитивті» болжамымен және «BBB» деңгейінде, ал Moody's Investors Service шкаласы бойынша «Тұрақты» болжамымен «Ba1» деңгейінде тұр.