"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры Qazaq Air әуе компаниясы акцияларының біраз бөлігі сатылатынын мәлімдеді деп хабарлайды LS.
“Самұрық-Қазына" компания акцияларының 100 пайыз иегері. Олар жекешелендіруге қатысатын компаниялардың тізімін жариялады.
"Біздің компания тізімдер арасында бар. Компания акцияларының аз ғана үлесі сатылады деп күтілуде. Оны жеке капиталға тартады. Халықаралық тәжірибеде көрсетілгендей, жеке сектордың бизнеске араласуы компанияға және оның қаржылық көрсеткішіне әсер етеді", - деді әуе тасымалының басқарма бастығының міндетін атқарушы Блэр Поллок.
Бұдан бұрын Qazaq Air әуе компаниясы 2015 жылдың тамызында Bombardier Q400 жаңа ұшақтарымен алғашқы рейсін ұшырған болатын.