Алматы. 26 наурыз. 7kun.kz – QAZAQ AIR әуекомпаниясы Ресей Федерациясының оңтүстік өңіріне Атырау – Астрахань бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосады. Бұл туралы әуекомпанияның баспасөз қызметі хабарлады.
«2019 жылдың 27 сәуірінен бастап әуекомпанияның бағдарлар кестесі жаңа халықаралық Атырау – Астрахань бағытымен толыға түседі. Қазақстанның мұнай астанасынан Астрахань облысының әкімшілік орталығына Bombardier Q400 NextGen ұшақтары әр сейсенбі мен сенбі күндері аптасына екі рет қатынайды. Аталмыш бағыт бойынша ұшу уақыты 50 минут болмақ», - делінген хабарламада.
Ресей Федерациясының шекарасымен шектесетін қалаға дейін Ақтау мен Ақтөбе тұрғындары да жете алады.
«Осы көктемде біз бағдарлар кестесін жаңартып, географиялық шекараны кеңейте түстік. Астрахань – Батыс Қазақстан тұрғындары жиі қатынайтын, Төменгі Поволжья мен Каспий маңында орналасқан ескі, экономикалық және мәдени қалаларының бірі. Аталмыш бағыт қазақстандықтардың ғана емес, сонымен қатар Астрахань халқының да көңілінен шығып, көпшілік сапар шегетін рейс болатынына кәміл сенеміз», – деп атап кетті QAZAQ AIR әуекомпаниясының басқарма төрағасының қызметін атқарушы Адел Даулетбек.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024