Алматы. 12 сәуір. 7kun.kz – Qazaq Air әуекомпаниясы өзінің әуе флотына P4-FLY (MSN 4595) тіркеу нөмірі бар Bombardier Q400 NextGen лайнерін қабылдады, - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Әуе кемесі сәуір айының соңына қарай тұрақты әуе рейстерін орындай бастайды. Флотқа қосылатын келесі MSN 4598 лайнері мамыр айында келеді.
Әуе кемесін қабылдап алу салтанаты 11 сәуірде Канаданың Торонто қаласында болды. Qazaq Air делегациясымен қатар, іс-шараға ҚР Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ақылбек Қамалдинов қатысты.
Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Адель Дәулетбектің айтуынша Qazaq Air әуекомпаниясы «Bombardier Q400 NextGen» ұшақтарының арқасында Қазақстанның аймақтарын байланыстыратын тиімді маршруттық желіні құруға мүмкіндік алды.
«Әуе флотын екі жаңа лайнермен толықтыру Qazaq Air Қазақстанның ішіндегі қазіргі маршруттар бойынша жиілігін арттыруға, сондай-ақ көрші елдердің шекаралас аймақтарындағы жақын орналасқан қалаларды қамти отырып, шетелдік бағыттар бойынша тұрақты рейстерді іске қосуға мүмкіндік береді», - дейді Адель Дәулетбек.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024