Жаңа қазақстандық Qazaq Air әуекомпаниясы 12 маусым күні Алматы әуежайына слоттарға (әуежайдың рейс жасауға бөлетін уақыты) өтініш берді. Слоттар әуежайдың сайтында орналастырылған.Мәліметтерге орай, әуекомпаниясы өз жұмысын 20 шілдеден бастамақ. Ол мына бағыттарда болады:
Алматы – Талдықорган - Алматы - аптасына төрт рет. Дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері Алматыдан 17.30-да ұып, Талдықорғаннан 20.00-де қайтып келеді. Жексенбі күні ұшақ Алматыдан 8.55-те шығып, Талдықорғаннан 11.25-те ұшып кететін болады. Алматы – Павлодар - Алматы рейсі аптасына үш рет ұшады: дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері. Алматыдан ұшу уақыты - 11.10. Алматыға қайту уақыты - 16.30. Алматы – Қостанай – Ақтөбе қосарланған рейсі барып-қайтуымен аптасына 3 рет ұшады: сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері. Алматыдан 9.00-де шығып, 20.30-да қайтатын болады. Алматы – Шымкент – Қызылорда рейсі барып-қайтуымен (бұл да қосарланған) аптасына үш рет ұшады. Дүйсенбі күндері 12.35-те шығып, 20.55-те қайтатын болса, қалған екі күні шығатын уақыты - 11.35, қайтатын уақыты - 19.55. Алматы – Шымкент – Ақтөбе аптасына үш рет ұшады деп жоспарлануда. Дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері. Алматыдан ұшу уақыты - 8.50, Ақтөбеден келу уақыты келесі күнгі 00.50-де. Алматы – Шымкент – Павлодар рейсін аптасына екі рет қолдануға болады: сейсенбі және жексенбі күндері. Шығу уақыты - 8.50, қайту уақыты - 19.30. Алматы – Балқаш – Астана бағытында Qazaq Air аптасына үш рет ұшпақ. Сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері. Ұшақ Алматыдан 8.55-те шығып, 16.55-те қайтып келеді. Алматы – Астана – Алматы. Бұл енді қазақстандағы ең көп қолданылатын бағыт. Әуекомпаниясы аталған бағыта аптасына 5 рет ұшпақ: сейсенбіден бейсенбіге дейін және сенбі, жексенбі күндері. Шығу уақыты - 19.00, Алматыға келу уақыты келесі күнгі сағат 00.10. Qazaq Air-дың барлық рейстері Bombardier Dash 8 - Q400 турбиналы-винтті ұшағында жүзеге асырылатын болады. Оның крейсерлік жылдамдығы 667 км/сағат. Бұл Air Astana, SCAT және Bek Air сынды реактивті лайнерлердің жылдамдығынан аз. Олардың жылдамдығы 1 000 км/сағат. Осылайша, жаңа әуекомпаниясы жұмысын бастамай жатып, бәсекелестерінен артта қалу мүмкіндігі көрініп отыр. Десе де, билет бағалары әлі белгілі болмады. Мүмкін, бағасы жөнінен ұтып кетуі де ғажап емес.Похожие материалы
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024