Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz – QAZAQ AIR әуекомпаниясы 2019 жылы жаңа екі Bombardier Q400 NextGen ұшағын сатып алу туралы келісім шартқа қол қойды. Осылайша осы типтес үш ұшағы бар QAZAQ AIR әуефлоты бес ұшаққа дейін көбейді.
«Әуекомпания құрылғаннан бері бізге серіктес болып келген Bombardier-мен өткен келіссөздің нәтижесі бізді айтарлықтай қуантты. 2015 жылдан бері QAZAQ AIR әуефлотының алғашқы ұшақтары Q400-тің арқасында, біз Қазақстан халқын еліміздің түпкір түпкіріне апарып, 15 бағыт бойынша байланыс орнатып үлгердік. Бүгінгі күні біздің аймақтық компания 420,000 жолаушы тасымалдайды. 2017 жылы олардың саны былтырмен салыстырғанда 50 пайызға өсті. Жұмысын жақсы атқарып жүрген үш әуекемемізге тағы екі ұшақ қосылған кезде мүмкіндіктер кеңейіп, біз аймақтық байланыспен қатар, Қазақстанның көршілес Орта Азиялық елдеріне де сапар шегуді жоспарлап отырмыз», – деп атап кетті QAZAQ AIR әуекомпаниясының Басқарма Төрағасы Блэр Трехерн Поллок.
«QAZAQ AIR әуефлоты Bombardier Q400 NextGen ұшақтарымен жаңарып жатқанына өте қуаныштымыз. QAZAQ AIR Қазақстанға 2015 алғаш әкелінген Q400 әуекемелері өздерін жақсы қырынан танытып, нәтижелі пайдаланысқа түсті», – деді Bombardier Commercial Aircraft Еуропа, Ресей мен ТМД елдерінде сату бөлімінің вице-президенті қызметін атқарып жүрген Райан ДеБраск.
QAZAQ AIR баспасөз қызметіПохожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024