Экономика
24 желтоқсаннан бастап Qazaq Banki салымшыларының ақшасы қайтарыла бастайды
Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz – 12 желтоқсанда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының «Qazaq Banki» АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енді. Осы сәттен бастап салымдар бойынша сыйақы есептеу және оларды капиталдандыру тоқтатылды. Бұл туралы Ұлттық Банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Банк-агент болып ВТБ Банкі тағайындалды. Qazaq Banki депозиттік, ағымдағы шоттарында және төлем карточкаларында орналастырылған қаражатты қайтару 24 желтоқсанда басталады.
«Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ өтемақыны алты ай ішінде төлейтін болады.
Айта кетейік, агент-банкке жарты жыл ішінде жүгінбеген салымшылар агенттік келісімнің қолданылуы аяқталғаннан кейін ҚДКҚ-да тікелей өтемақы алуға құқылы.
ҚДКҚ арнайы резерв қаражаты есебінен ВТБ Банкін «Qazaq Banki» АҚ-тың салымшыларына өтемақы төлеу үшін толық көлемде ақшамен қамтамасыз етеді.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024