Қазақстан. 21 сәуір. 7kun.kz – Қазақстан қырғыз-қазақ шекарасы арқылы жүк көліктерінің өтуін жеделдетті, деп хабарлайды 7kun.kz Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара қызметіне сілтеме жасап.
«Қырғызстан Министрлер кабинеті төрағасының бірінші орынбасары мен Қазақстан премьер-министрінің орынбасары - министр арасындағы келіссөздерден кейін қырғыз-қазақ шекарасындағы өткізу бекеттерінде жүк көліктерінің жиналуы айтарлықтай азайды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Соңғы күндері қазақстандық тарап Қазақстан аумағына сағатына 3-4 көлікті, ал қазір 8-9 көлікті өткізуге рұқсат берген. Бұл бақылау-өткізу бекеттерінің жұмысын айтарлықтай жеңілдетті.
Қырғызстан шекара қызметі «Ақ-Тілек-автодорожный» бақылау-өткізу бекетінде 67 жүк көлігі, «Чалдыбар-автодорожный» өткізу бекетінде 53 жүк көлігі және «Шоң-Капка-автодорожный» өткізу бекетінде 60 жүк көлігі шекаралық бақылауға кезекте тұрғанын айтты.
Айта кетейік, жуырда Қазақстан мен Қырғызстан тауарлардың еркін қозғалысын қамтамасыз ету және шекарада көліктердің жиналу мәселесін шешу бойынша шаралар қабылдауға келіскен болатын.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024