Бұған дейін Қазақмыс корпорациясының Бас директоры қызметін атқарып келген Бақтияр Қрықпышев 2016 жылдың 1 сәуірінен бастап «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ң басқарма төрағасы болып тағайындалды.
"Сондай-ақ, ол корпорацияның инвестициялық саясат, өндірістік жоспарлау және стратегиялық даму жұмыстарына жауап береді",- делінген хабарламада. Бахтияр Әбдірахманұлы 1973 жылы дүниеге келген, 1995 жылы Ө. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған тау-кен технологиялық институтын, «Автомобиль және автомобиль шаруашылығы бойынша» бітіріп, инженер-механик мамандығын алған. 2012 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Экономика» саласы бойынша аяқтаған. Экономика бакалавры. Федералдық мемлекеттік автономдық білім беру мекемесінің жоғары кәсіби мамандық беретін « Халықтық зерттеу технологиялық университеті «МИСиС» -інде , «Түсті металлургия, Тау-кен компаниясын басқару» (2013-2014) арнайы дайындықтан өткен. Қазақмыстағы еңбек жолын 1996 жылы «Жезқазғантүстіметалл» кәсіпорынындағы Шығыс-Жезқазған кенішінде, жұмысшы мамандығынан бастап, тау-кен шебері, участок басшысының орынбасары, басшысы, кейін шахтаның бас инженеріне дейінгі баспалдақтың бәрін басып өткен. Шахтаның басшысы, комбинаттың бас инженері, ЖТКМК-ның бас инженері, кейін техникалық директоры, «Жомарт» кенішінің директоры қызметтерін атқарған. 2008 жылы «Жезқазғантүстіметал» ӨБ-тің бас директоры болды. 2010 жылы «Бозшакөл» кен орнында бас директор болып тағайындалды. 2011 жылы «Қарағандытүстіметалл» және «Балқаштүстіметалл» ӨБ-ін басқарды. 2012 жылы – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің өндіріс директоры, ал сол жылдың желтоқсан айында компанияның тау-кен өңдеу кешенінің бас директоры қызметтерін атқарды. 2013 жылдың желтоқсан айынан бері «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің бас директорлығы қызметіне тағайындалды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024