Қазақстанда 2015 жылы 12,7 млрд текше метр газ экспорттады, деп мәлімдеді ОКҚ брифингі барысында ҚР Энергетика министрлігінің газ өнеркәсібі департаментінің директоры Ғалым Нұрғазиев.
«2015 жылдың газ экспортының қорытындысы 12,7 млрд текше метрді құрады, яғни 2014 жылмен салыстырғанда 15 пайызға жоғары, ал 2000 жылдың дәрежесінен 3,5 есе жоғары», - деді Ғ.Нұрғазиев. 2015 жылдың қорытындысы бойынша газ өндіру 45,3 млрд текше метрді құрады, яғни 2014 жылмен салыстырғанда оның көлемі 5 %-ға артты және 2000 жылдың дәрежесінен 3,5 есе жоғары болды. Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан газ өндіруді 5,5 есеге өсірді. «2015 жылдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта газ тұтыну 12,1 млрд текше метрді құрады, бұл 2000 деңгейіне қарағанда 2,2 есе жоғары, ол кезде 5,4 миллиард текше метрді құрады», - деп атап өтті ол. Департамент басшысы айтып өткендей, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры құрылысы жүріп жатыр, «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырының үшінші желісі пайдалануға берілді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024