Алматы. 12 қараша. 7kun.kz — 2019 жылы Қазақстан бір жыл бұрынғыға қарағанда аз мұнай экспорттайды. Бұл туралы Энергетика министрінің бірінші орынбасары Махамбет Досмұхамбетов хабарлады.
Үкімет отырысы барысында ол биылғы жылы мұнай экспорты 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,9% артып, 59,56 млн тоннаны құрағанын атап өтті. Жалпы, ағымдағы жылы шетелге 70,5 млн тонна жіберу жоспарланып отыр. 2018 жылы бұл көрсеткіш 72,5 млн тоннаны құрады. Бұл ретте 2019 жылы 72 млн тонна ауданда экспорт көлемі болжанған.
Сонымен қатар, газ экспорты 10 айда 15,3 млрд текше метрді немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңіне 91,1%-ды құрады. 2019 жылы 17 млрд текше метрге жеткізу жоспарланды. Экспорт көлемінің төмендеуі газды ішкі тұтынудың ұлғаюына байланысты.
Есептік кезеңдегаз өндіру 46,3 млрд текше метрді құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ға көп. Тауарлық газ өндірісі 27,12 млрд текше метрді құрады (2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда - 98,6%).
Бұдан басқа, 2019 жылы мұнайды қайта өңдеу болжамы 17 миллион тоннадан 17,1 миллион тоннаға дейін ұлғайды. 10 ай ішінде 14,17 млн тонна өңделді, бұл 2018 жылғы қаңтар-қазан көрсеткішінен 5% артық.
Негізгі мұнай өнімдері – бензиндер, авиаотын, дизель отыны мен мазут өндіру көлемі жыл басынан 10,5 млн тоннаны құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңінен 10,2%-ға көп. Оның ішінде 3,6 мың тоннаны автобензин (113,6%), 524,5 мың тоннаны авиаотын (181,8%), 4,1 мың тоннаны дизель отын (109,1%) құрады.
"Ағымдағы жылдың шілдесінен бастап автобензин экспорты ашылды, экспорт көлемі 42,6 мың тоннаны құрады. 11 қарашада Қазақстан бойынша Аи-92 бензинінің орташа бөлшек бағасы 148,5 теңгені құрады. Қырғызстанда Аи-92 бензинінің бағасы литріне - 219,9 теңге (48%-ға қымбат); дизель отынының бағасы литріне - 250,8 теңге(31%-ға қымбат). Өзбекстанда Аи-92 бензинінің бағасы литріне 256,6 теңге (73%-ға қымбат); дизель отынының бағасы литріне 212,2 теңге (11%-ға қымбат). Ресейде Аи-92 бензинінің бағасы литріне 261,33 теңге( 72%-ға қымбат); дизель отынының бағасы литріне 284,8 теңге (48%-ға қымбат)", - деп атап өтті Досмұхамбетов.
Ол, сондай-ақ, бюджетті игеру мәселесін де қозғады. Вице-министрдің айтуынша, 10 айға нақтыланған жоспар 95,7 млрд теңгені құрады, орындалуы - 95,6 млрд теңге, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,3%-ға артық.
"10 айдың қорытындысы бойынша игерілмеудің жалпы сомасы – 183,8 млн теңге, оның ішінде "Энергетика, атом энергиясы, мұнай-газ және мұнай-химия өнеркәсібі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасы бойынша - 165,5 млн теңге. Бұл еңбекақы төлеу қоры, іссапар шығыстары, өзге де қызметтер бойынша үнемдеу, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша үнемдеу. Сондай-ақ, 18,2 млн теңге - "Атом және энергетикалық жобаларды дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша. Аталған сома "2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы "Заңды іске асыру туралы "Үкіметтің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы №808 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" үкіметтің 2019 жылғы 28 қазандағы №803 қаулысына сәйкес бюджетке қайтарылуға жатады", - деп мәлімдеді Досмұхамбетов.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024