Алматы. 15 қаңтар. 7kun.kz – Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қазақстанның eGov.kz электронды үкіметінің сайтын 3.0 кезеңіне көшіру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта республиканың электрондық үкіметі eGov 2.0 этапында тұр. Бұл жайында Үкімет отырысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.
3.0 сатысы "жасанды интеллект", "проактивті қызметтер", "цифрланған өмірлік сәттер", "заттардың интернет" және т.б. элементтердің енгізілуін білдіреді. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жаңа сатысы қазірдің өзінде Оңтүстік Корея, Австралия, Сингапур, Ұлыбритания, Дания және Швецияда қолданылады. "2021 жылға қарай біз egov 3.0 сатысына толық көшуді жоспарлап отырмыз, бірақ қазір оның бірқатар элементтері енгізілген немесе енгізу сатысында. Мысалы, ақпараттық жүйелерді біріктіру жүргізіледі, "Смарт Бридж" жобасы аясында жасанды интеллект элементтері енгізілуде, белсенді қызметтер іске асырылуда", – деді Абаев. Министрдің хабарлауынша, қазіргі уақытта қазақстандықтардың 64%-ы интернетке шығу үшін смартфондарды пайдаланады. Сондықтан министрліктің қызметінің негізгі бағыттарының бірі - m-Gov электрондық үкіметінің мобильдік қосымшасын дамыту. "Қазір ол арқылы тек 87 қызмет пен сервис қол жетімді. Сондықтан министрлік ұялы және веб-нұсқаларды синхрондау бойынша жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, қосымшаны 1,3 млн азамат пайдаланады. Тек 2018 жылы mGov арқылы 3,6 млн қызмет көрсетілді", - деді ведомство басшысы. Абаев Қазақстанда 2019 жылы 80%, ал 2020 жылы 90% мемлекеттік қызмет автоматтандырылатынын, нәтижесінде қағаз түріндегі құжаттар саны 110 млн-ға қысқаратынын да атап өтті. Айта кетейік, электрондық мемлекеттік қызметтерді одан әрі дамыту үшін министрлікте 43 заң мен 10 кодекске 500-ден астам түзетулер енгізуді көздейтін заң жобасы құрылған. Құжат 121 мемлекеттік қызметті оңтайландыруға бағытталған.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024