Алматы. 24 қазан. 7kun.kz — 2019 жылы қазақстандық кибер қалқанды құруға 12,8 миллион теңге бағыттылды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, 2018 жылы 6,4 млн теңге бөлінді, ал 2020 жылы тағы 9,6 млн теңге бөлінеді. Үш жыл ішінде қаржыландыру 28,8 млн теңгені құрайды. Қаражат Ұлттық ақпараттық қауіпсіздік үйлестіру орталығын іске асыруға жұмсалады.
«Биыл ақпараттық қауіпсіздік (АҚ) саласындағы нормативтік-құқықтық база қалыптасты. Сонымен қатар, халықтың хабардарлығын арттыру бойынша шаралар қабылданды. Жыл сайын АҚ бағыты бойынша 500 білім гранты бөлінеді. Бұдан басқа, сыртқы және ішкі қауіп-қатерлерден қорғау үшін коммерциялық жедел ақпараттық қауіпсіздік орталықтарына бес лицензия және инциденттерге әрекет етудің жеке қызметтеріне екі лицензия берілді. Мұның бәрі Қазақстанға БҰҰ-ның киберқауіпсіздігінің жаһандық рейтингінде 82-орыннан 40-орынға көтерілуге мүмкіндік берді", - деді министрлікте.
Сондай-ақ, мемлекеттік құрылым ҰҚК-нің соңғы үш жылдағы кибершабуыл бойынша статистикасын жариялады. Мысалы, Қазақстанда ботнеттер саны 2017 жылғы 23 мыңнан 2019 жылғы қыркүйекте 14,4 мыңға дейін төмендеді. Сайттарды бұзу 660-ден 170 жағдайға дейін қысқарды.
Бұл ретте DDoS-шабуылдар мен фишингтің саны өсті. Егер 2017 жылы фишингтің 170 оқиғасы анықталса, 2019 жылдың тоғыз айында олардың саны 800-ге жетті. DDoS-шабуылдардың саны 36-дан 170-ке дейін өсті.
"Негізінен кибершабуылдар ақпараттық қауіпсіздікті қорғауда осалдығы бар объектілерге бағытталған. Бұзу жүргізіліп жатқан елдерге қатысты айтатын болсақ, оны анықтау қиын, себебі хакер бір мемлекетте болып, басқа мемлекетке шабуыл жасауы мүмкін. Алайда, статистикаға сүйенетін болсақ, кибершабуылдардың ең көп саны АҚШ, Нидерланды, Ресей, Қытай, Франция, Гонконг, Сингапур, Германия, Исландия, Ұлыбритания, Италия, Канада, Эстония, Панама, Оңтүстік Кореядан байқалады", – деп хабарлады ведомство.
Министрлікте ақпараттық қауіпсіздік орталығында барлығы 252 млн оқиға тіркелгенін және оларға тойтарыс берілгенін атап өтті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024