Алматы. 15 шілде. 7kun.kz – Билік нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз етіп, 2025 жылға қарай ауылшаруашылық өнімдерінің импорт көлемін екі есе азайтуды жоспарлап отыр, - деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин.
«Агроөнеркәсіптік кешендегі міндеттер нарықты жоғары сапалы отандық өніммен толықтыру және 2025 жылға қарай импортты екі есеге төмендету болып табылады. Сондай - ақ, АӨК өнімдерінің экспортын 2,4 млрд доллардан 5 млрд долларға дейін арттыру шаралары жалғасатын болады», - деді ол 15 шілдеде ҚР Президентінің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Мамин бірінші жартыжылдықта ЖІӨ өсімі 4,1%-ды құрағанын атап өтті. Өсімнің негізгі көздері өнеркәсіп, құрылыс, көлік және ауыл шаруашылығы болды. Өңдеу өнеркәсібінде өсім 3,4% -ды құрады.
«Еңбек нарығында тұрақтылық сақталды. Бірінші жартыжылдықта жұмыссыздық деңгейі 4,8% - ды құрады, 186 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде 126 мың тұрақты», - деді премьер.
Мемлекеттік бюджеттің табысы бірінші жартыжылдықта 4 трлн 370 млрд теңгеге орындалды, бұл жоспардан 148 млрд теңгеге жоғары. 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсім 730 млрд теңгені құрады. Бюджет шығындары 6 трлн 342 млрд теңгені немесе жоспардың 99,6%-ын құрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024