Алматы. 4 наурыз. 7kun.kz – Әйелдер үшін өмір сүру жағдайы бойынша елдердің рейтингісінде Қазақстан 44-ші орынды иеленді. Еліміз Албания мен Коста Рика арасында орналасқан, деп көрсетілген Nestpick.com зерттеу деректерінде.
Қазақстанның индексі 6,294 құраған.
Тізімде бірінші орында Норвегия орналасқан. Мемлекеттің индексі - 8,699. Екінші орында - Швеция (8,401), үшінші орында - Канада (8,388).
Рейтинг құрастырушыларының айтуынша, әлемде шетелге жұмыс іздеп және білім алу үшін кететін әйелдер санының тұрақты өсуі байқалады. Әйелдердің өміршеңдік индексін есептеу үшін (Women ' s Liveability Index 2019) әйелдерге ең жақсы өмір сүру деңгейін ұсына алатын әлемнің 100 елі іріктелді. Санақ кезінде рейтинг құрастырушылары төрт маңызды категорияны анықтады: инфрақұрылым, теңсіздік, заңнама және жұмыс. Өмірдің жалпы деңгейі түпкілікті фактор ретінде енгізілді. Әрбір факторға жалпы нәтижені анықтау үшін балл берілді. Барлық деректер 0-ден 10-ға дейінгі шкала бойынша бағаланды.
Айта кетейік, ТМД елдерінен Қазақстан көшбасшы атанды. Украина 6,225 индекспен 46-ші сатыға орналасқан. ТОП-50 тізімін Армения 6,081 индекспен қорытындылады. Ал Ресей рейтингте 53-ші болды. Оның индексі - 5,921.
Қазақстан халқының саны - 18 037 646 адам, әйелдер саны 51,57% құрайды. Үкіметтегі әйелдердің үлесі - 16,35%, кәсіпкерлікте - 2,70%, басқарушы әйелдердің үлесі - 34,87%, ал STEAM-дегі әйелдердің саны - 7,41%.
Еңбекақыдағы гендерлік алшақтық 27,16% болды. Қазақстандағы әйелдердің өмір сүру деңгейін сарапшылар 10 баллдық шкала бойынша 4,91-ге бағалады. Білім деңгейі - 8.88, ал денсаулық бағасы 7.49 құрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024